03
февраль
2025
2025 жылдың 31 қаңтар күні білім бөлімінің мәжіліс залында білім бөлімінің басшысы Жуаныш Халықбергенұлының төрағалығымен басшысы жанындағы кеңес отырысы өткізілді.



қаралған мәселелер:
1. 2024-2025 оқу жылындағы 2 тоқсан қорытындысы бойынша білім сапа
Хабарламашы: білім бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Кабулова
2.“Алтын белгі„ аттестаты мен Үздік аттестатқа ұсынылған оқушылардың құжаттарына жүргізілген зерделеу қорытындысы және “Алтын белгі„ аттестатына үміткер оқушылардан алынған тест және жазба жұмыстарының қорытындысы
Хабарламашы: білім бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Кабулова
3.Білім беру ұйымдарындағы бір мезгілді ыстық тамақтың берілуін зерделеу қорытындысы
Хабарламашы: білім бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Кабулова
4. 2024 жылы мемлекеттік аттестациядан өтпей қалған мектептер туралы және Абай ом, Б.Қашқынбаев орта мектептерінің 4,9 сынып оқушыларынан алынған тест жұмыстарының қорытындысы
Хабарламашы: білім бөлімінің әдіскері – Ғ.Есенбекова
5. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерделеу қорытындысы
Хабарламашы: әдістемелік кабинет меңгерушісі – Г.Тултаева
6. Педагог-психологтардың жұмысын зерделеу қорытындысы
Хабарламашы: білім бөлімінің әдіскері – Б.Жұмағұлова
7. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар. «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды» іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы
Хабарламашы: білім бөлімінің әдіскері Б.Бетаева
8.Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы және санитарлық талаптардың орындалуы
Хабарламашы: білім бөлімінің әдіскері – А.Ташенова
9.Қосымша білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмыстарын зерделеу қорытындысы
Хабарламашы: білім бөлімінің әдіскері – Г.Куленова
10. 2-11 сыныптардың бірінші жарты жылдық бойынша жалпы білім беретін пәндерден БЖБ және ТЖБ жұмыстарын зерделеу қорытындысы
Хабарламашы: білім бөлімінің әдіскері – Ж.Дүйсенова
11. 2025 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін мектептердің НОБД және bilimclass.kz базасын зерделеу жұмыстарының қорытындысы
Хабарламашы:білім бөлімінің әдіскері –Шайлазым Қанат
12.Мектепте білім алушыларды жәбірлеудің (Буллингтің) алдын алу бойынша «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасының жүргізілуі туралы
Хабарламашы: мектеп директоры Г.Умирбекова
13.«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» «Даналық мектебі» ұйымы аясында жүргізілген жұмыстар
Хабарламашылар: мектеп директоры Л.Шукеева, М.Шерманова.








