28
ноябрь
2024
2024 жылдың 28 қараша күні Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Джарыкбасов Жуаныш Каликбергенович Үшбас негізгі мектебі ұжымымен кездесті.

Күн тәртібінде:
1.Мектепішілік бақылау мен басқару, білім сапа көрсеткіші мен жеткен жетістіктері туралы.
Хабарламашы: М.Мамытов /мектеп директоры/
2.«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» іске асырылуы туралы.
Хабарламашы: Д.Рысдәулет /директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/
3.Білім алушылардың әлеуметтік желіні қолдануына және парақшаларына талдау жүргізу, психологиясына диагностика жүргізу бойынша.
Хабарламашы: Қ.Айтжанов /педагог-психолог/
4.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры М.Мамытов сөз алып «Оқу-тәрбие жұмысын үйлестіру» бойынша хабарлама жасады. Хабарлама барысында мектеп туралы жалпы мәлімет, мұғалімдердің сапалық құрамы, мектеп контингенті туралы таныстырылды. Білім сапасы мен үздік аттестат иегерлерін үш жылдық талдауын салыстырмалы түрде айтып өтіп, мектепішілік бақылау мен басқарудың өткізілген жұмыстарына да тоқталды. Мектеп ұжымының педагогтері мен оқушыларының жетістіктері туралы, жыл қорытындысы ретінде «Мектеп рейтингісі» мектеп ұжымының жеткен жетістіктермен таныстыра отырып, білім сапасын көтеруде оқу сапасы мен қолжетімділігіне күш салатындығын айтты. 2.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Рысдәулет ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру барысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында әр айдағы күнделікті және апта сайынғы өткізілген іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларға тоқталды. Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылын күшейту, ата-аналар арасында оң мәдениетті дамыту мақсатында құрылған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы мен «Даналық мектебінің» жұмысын ашып көрсетті. 3.Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Қ.Айтжанов Білім алушылардың әлеуметтік желіні қолдануына және парақшаларына талдау жүргізу, психологиясына диагностика жүргізу бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
4.Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Рысдәулет «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу» бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады.