10
сентябрь
2024
Мектеп формасына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады.
Еліміздің заңнамасында мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау бойынша ата-аналарға және оқушыларға нақты міндеттер жүктелген. ҚР «Білім туралы» Заңның 47 бабының 15-1 тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығымен «Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты» бекітілген. Ата-ана мен мектеп арасында жасалатын шартта ата-аналар міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті деп көрсетілген.
Мектеп формасына қойылатын талаптар мекеменің Жарғысында, Оқушылардың ішкі тәртіп ережесінде және Ата-ана мен мектеп арасында жасалған шартта көрсетілген.