Үшбас негізгі мектебінің өзін-өзі бағалау қорытындысы МАД тобы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің Үшбас негізгі мектебі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының өзін-өзі бағалау
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Үшбас ауылы 19 маусым 2023жыл
1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы:
1) Білім беру ұйымының аталуы, орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан мекен-жайы):
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Үшбас негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы Сарысу ауданы Үшбас ауылы, Мектеп көшесі №7А
2) Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, web-сайт):Телефон :872634-5-06-41 Мектеп директоры: 87022661462
Эл.пошта : ushbas2021@mail.kz Web-сайт: ushbas.mektebi.kz
3) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының ФАӘ және лауазымға тағайындау бұйрығы туралы деректер):
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Үшбас негізгі мектебі»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің 22.01.2016 жыл № 28 бұйрығымен Мамытов Максат Үмбетулы директордың лауазымға тағайындау туралы бұйрығы.
4) Құқық беруші және құрылтайшы құжаттар:
Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Жамбыл облысы Әділет департаменті Талас ауданаралық Әділет басқармасы 04 ақпан 2021 жылғы мемлекеттңк қайта тіркеуден өткен.Алғашқы тіркелген күні: 25.02.2005жыл
БСН 050240008407 «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Үшбас негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жарғысына (бұдан әрі-:Жарғы) өзгерістер енгізілді.
5) Рұқсат етуші құжаттар:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесіне (алғашқы берілген күні)KZ44BLFA00126152
14.10.2022 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамсы Сарысу ауданының білім бөлімінің Үшбас негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне лицензия берілген. Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2022 жылғы 14 қазандағы №118 бұйрығының негізінде берілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті №KZ60LAA00023662
Берілген күні:12.03.2012;
2.Кадрлық құрамға талдау:
1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар педагогтер туралы мәліметтер немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, оның ішінде базалық білімі жоқ педагогтер туралы мәліметте
Оқытудың үлгілік оқу жоспарларына 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 өзгерістер енгізілді:ҚР.Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 10.05.№195 бұйрығына байланысты ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.
педагогикалық кадрлармен 100% - ға жасақталған.Педагогтардың жүктемесі ҚР заңнамасына қайшы келмейді.
Кадрдың білім деңгейі
Оқу жылдары | Барлық педагогтар саны | Жоғары білімі | Арнаулы орта білімі |
2022 -2023 | 1 | 0 | 1 |
Педагогтың білім деңгейі
2022-2023 оқу жылдары
Педагогтар саны | Арнаулы орта |
1 | 1 |
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісінің еңбек өтілі бойынша
№ | Оқу жылы | Жалпы мұғалім саны | Оның ішінде педагогикалық өтілі бойынша | |||||||||
0-4 жыл | % | 5-10 жыл | % | 11-20 жыл | % | 21-30 жыл | % | 30 жылдан жоғары | % | |||
1 | 2022-2023 | 1 | - | - | 1 | 100 ℅ | - | - |
№ | Оқу жылы | Жалпы мұғалім саны | Оның ішінде жасы бойынша | |||||||||||
25 дейін | % | 25-35 дейін | % | 35-45 дейін | % | 45- 55 дейі н | % | 55-63 дейін | % | 63 жо ға ры | % | |||
1 | 2022-2023 | - | - | - | 1 | 100 | - | - | - |
2)мемлекеттік білім беру ұйымы басшыларының үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігі туралы мәліметтер:
Оқу жылдары | 100 ℅ | 50℅ | 30℅ | |
1 | 2022-2023 оқу жылы | 1 |
3) кемінде бес жылда бір рет педагогтердің біліктілік
санатының деңгейін арттыру/ растау туралы мәліметтер:
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Куанышева Алия Абиловна педагог-модератор біліктілік санатын алды.
№ | Педагог саны | Педагогтың білім деңгейі | Педагогтың біліктілігі | Педагогтардың еңбек өтілі |
2022-2023 | 1 | Арнаулы орта | Педагог-модератор | 15 жыл |
4) кемінде үш жылда бір рет басшы кадрлардың, педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:
Біліктілік көтеру курсы:
Мектепалды сыныбының тәрбиешісі Қуанышева Алия Абиловна 2020 жыл, 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында 72 сағаттық оқу курысынан өтті.
Жетістіктері:
2021 жылы Мектепалды даярлық педагогтарының кәсіби беделін арттыру және жас мамандарға қолдау көрсету, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында өткізілген аудандық «Ең үздік тәрбиеші» атты байқауда ІІ орын.
2021 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы И.Баймагамбетовтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
3.Тәрбиеленушілер контингенті:
1) жасына байланысты, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері
бар тәрбиеленушілер контингенті туралы мәліметтер:
Мектепте мектепалды сыныбында 2022-2023 оқу
жылында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқымаған.
2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ескере отырып
жас топтарының толықтығы туралы мәліметтер:
Мектепте мектепалды сыныбында 2022-2023 оқу
жылдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқымаған.
3) әр түрлі жас топтардың болуы туралы мәліметтер:
Мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеленетін балалардың жас ерекшелігі 5,6 жас.
5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) 30-бап).
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталылық);
- ұжымдық қызметтегі бірлескен әрекет дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
2022-2023 оқу жылында : 5-6 жас аралығында - 2 бала қамтылған.
Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік қазақ тілде жүргізілді.
2022-2023 оқу жылы
№ | Атауы | Қай тілде тәрбиеленеді | 2022-2023 жыл Балалардың саны |
1 | Метепалды даярлық сыныбы | қазақ | 3 |
Барлығы: | 3 |
Тәрбиеленушілер саны | 3 | 100% |
қыздар | 0 | 0 % |
ұлдар | 3 | 100 % |
Мектепалды даярлық сыныбында 3 тәрбиеленуші бар. Мектепалды даярлық сыныбында 5 жастан 3 бала қабылданған.Іоқу тоқсаныныда 1 тәрбиеленуші кеткен. Барлығы - 2 бала. Ұлы -2, қызы – 0.
- білім алушылар (тәрбиеленушілер) контингентінің қозғалысы туралы мәліметтер:
Мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеленетін балалардың жас ерекшелігі 5 жас. Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілді.
2022-2023 оқу жылы
№ | Оқу жылы | Жылдың басы | келгені | кеткені | Жыл соңында | |
1 | 2022-2023 | МАД | 3 | - | 1 | 2 |
барлығы | 3 | - | 1 | 2 |
Асылхан Әлізиз басқа мектепке I оқу тоқсанының 4 қазан күні ауысып кетті.
5) білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы мәліметтер: мектепте шағын орталық жоқ.
.
6) балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау:мектепте шағын орталық жоқ.
7) 1-сыныпқа тәрбиеленушіні қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақталған.
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығына 3-қосымша
№ | Дағдылар тізбесіМектепалды жасы (5 жастан бастап) |
Денсаулық сақтау дағдылары | |
1 | Гигиеналық шынықтыру шараларын өздігінен орындайды. |
2 | Негізгі қимыл түрлерін орындау кезінде шығармашылық танытады. |
3 | Командада қимылды ойындарды ұйымдастыру дағдыларын игерген. Қимыл белсенділігіне қарапайым өзіндік бақылауы қалыптасады. |
4 | Қауіпсіздік қағидаларын саналы түрде орындайды. |
Коммуникативтік-тілдік дағдылар | |
1 | Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі және оларды сақтайды. |
2 | Сөйлеуге сыни қарым-қатынас таныта алады, грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады. |
3 | Дұрыс, мәнерлі сөйлей алады. Интонациялық мәнерлеудің түрлі тәсілдерін қолданады. |
4 | Сөйлеуде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді. |
5 | Әртүрлі сөз таптарын, эпитеттер мен салыстыруларды қолдана отырып, монолог құра алады. |
6 | Оқиғаларды құрастыра алады, астарлы және ауыспалы сөздерді қолданады және түсінеді. Ұйқас және сөздік ойыңға қызығушылық танытады. |
7 | Кітапқа қызығушылық танытады, өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқи алады. |
8 | Үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасай алады. Буындарды ажыратады. |
Танымдық дағдылар | |
1 | Танымдық әрекет ретінде заттардың қасиеттері мен белгілерін қарастырады. |
2 | Танымдық міндеттерді көрнекі-қимылдық және көрнекі-үлгілік жоспармен шеше алады, жүйелей және топтастыра алады. |
3 | Құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін меңгерген және түрлі нәтиже алу үшін бір және бірнеше тәсілдерді қолданады. |
4 | Қоршаған әлемнің алуан түрлілігін түсінеді. Өсімдіктердің белгілерін, қасиеттерін, олардың тіршілік ортасын біледі. |
5 | Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамаларын, тура және кері реттегі сандық қатынасты біледі. |
6 | Қарапайым себеп-салдарлық байланыс орната алады, ретімен және нәтижелі эксперимент жасай алады. |
7 | Жаңа ақпаратты қызығушылық танытқандарға қалай ұсынуды біледі және түсінеді. |
Шығармашылық дағдылар | |
1 | Балалардың музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларына ие. Халық әндерін, билерін орындайды. |
2 | Бейненің сипатына тән бейнелеудің техникалық тәсілдері мен құралдарын өз бетінше таңдай алады. |
3 | Халық өнеріне және сәндік өнерге, дизайнға қызығушылық білдіреді, жұмыс тәсілдерін таңдайды және негіздейді, жұмыста материалдарды тиімді қолданады, табиғаттың әсемдігіне, киімге және бөлменің жинақылығы |
Әлеуметтік дағдылар | |
1 | Қажетті жағдайларда көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілектеріне құрметпен қарайды. |
2 | Ересектермен және құрдастарымен бірге еңбек ете алады, ортақ мақсат қояды және оның нәтижесін талқылай алады. |
3 | Отбасылық құндылықтарды сақтайды. Өзінің кіші отанына, туған елінің мәдениетіне сүйіспеншілік және құрмет танытады. |
*** Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар, оның ішінде ақыл-есі кем істігінің жеңіл және баяу дәрежесіндегі балалар үшін күтілетін нәтижелер жеке және арнайы үлгілік оқубағдарламаларына сәйкес анықталады. |
2022-2023 оқу жылы
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтарды пайдалану.
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.
Пәндік-дамытушы ортада заттық обьектілермен жеке жұмыс, өзара іс-әрекетпен тәжірибе бөлісу қарастырылған. Балалар ойын жиһаздарымен қамтамасыз етілген: Қазіргі заман талабына сай «Сұлулық салоны», «Құрылысшы», «Мейрамхана» орталықтары заманауи ойыншықтармен жабдықталған.
Шығармашылық орталығында керекті құралдар, боямақ, бастыру трафареттері, пішіндер, кестелер, музыкалық аспап ойыншықтары бар.
«Монтессори» технологиясының элементтерін қолдану фетрден тігілген құралдар, балалардың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында түймелеу, орналастыру, сылдырмақтар, жалаушалар, доптар, атрибутар, даму ойындары және т.б. құралдар, дидактикалық және үлестірмелі материалдары жасалған.
Дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған пазлдар,мозайкалар, сюжеттік рольдік ойындар, еңбек орталығына арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынға арналған жинақтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, танымдық қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар.
Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған,
тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес
тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және
оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты
кітаптарды таңдау мақсатында, балаларға арналған кітаптардан, сондай-ақ балаларға арналған аудио шығармалардан кітап бұрышы ұйымдастырылды.
Импровизациялауға, эксперименттік тәжірибе жасауға арналған материалдар: арқан, қорап, сым, қақпақтар,бір реттік қолдануға арналған пласмасс ыдыстар,түтікшелер,түрлі түсті татар,моншақтар, ленталар жинақталған. Олар ойын барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын жүзеге асыруда, шығармашылық шешім қабылдауында қолданылады.
4.Оқу-әдістемелік жұмыс:
1) жұмыс оқу жоспарларымен ұйымдасқан қызметтің мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына және мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың үлгілік
2022-2023 оқу жылы
2022-2023 оқу жылында Үшбас негізгі мектебінің МАД сыныбының тәрбиелеу –білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысы,«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының талаптарына сай жүзеге асырылуда.
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76
бұйрығы
Жұмыс оқу жоспары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының» талаптарына сай «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығына 2 және 3 қосымшасы) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығына сәйкес тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша:
- физикалық дамыту;
- коммуникативтік дағдыларды дамыту;
- танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
- шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;
- әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады.
Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген іс - әрекеттер ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығына 2 қосымшасына үлгілік оқу жоспарына сәйкес даму дағдылары қалыптастыруда.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттердің тақырыбы Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес міндеттері жоспарланды.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, математика негіздерін, қоршаған ортамен танысу, шығармашылық дағдыларын және құрастыру күн сайын дидактикалық ойындар, әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті, эксперимент жасау, театрландырылған әрекет, әңгіме, дербес және басқа да әрекеттер арқылы ойын түрінде ұйымдастыруда.
Мектепалды сыныбының ұйымдастырылған оқу қызметінің апталық оқу жүктемесі - 20 сағат, барлық сағат саны – 20, үлгілік оқу жоспары тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту бағыттары бойынша негізделініп жасалған.
Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартының талаптарын ескере отырып ұсынылған бағдарламалар бойынша перспективтік жоспарлар құрылған және 2022 жылдағы 29 тамызда № 1 педагогикалық кеңесте бекітілген. Апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сақталған.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығына 3 қосымшасына үлгілік оқу жоспарына сәйкес даму дағдылары қалыптастыруда
I.«Дене шынықтыру» 3 сағат(Дене шынықтыру )
II. «Сөйлеуді дамыту» 6 сағат (Сөйлеуді дамыту 2, Көркем әдебиет 2, Қазақ тілі 2 )
III. «Сауат ашу негіздері » 3 сағат (Сауат ашу негіздері )
IV. «Математика негіздері »3 сағат (Математика негіздері )
V.«Қоршаған ортамен таныстыру » 2сағат (Қоршаған ортамен таныстыру 2)
VI. «Шығармашылық әрекет» 2 сағат (музыка 2)
VII. «Тілдік қарым қатынас,танымдық зерттеу әрекеттері, еңбекке баулу 1 сағат. (Сурет салу,құрастыру,мүсіндеу,жапсыру)
Өткен 3 оқу жылымен ағымдағы оқу жылындағы жұмыстық оқу жоспарларында ҮОЖ белгіленген оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі ескеріле отырып оқу жүктемесі берілген. Сондай-ақ, оқу жоспарындағы оқу жүктемесінің көлемі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келеді. Әдістемелік жұмыстың бағыты әдістемелік кеңес арқылы жүзеге асырылып отырады.
Өзін-өзі бағалау кезінде бағдарламалар тексеріліп, сағат сандары бағдарламаның балалардың жас ерекшелігіне сай екені анықталды.
2)мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және білім беру бағдарламаларына (вариативті, жеке, бейімделген, қосымша) сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру:
вариативтік компонент - 3 сағат, барлық сағат саны – 20, білім беру саласы 5 (бес) бағыт бойынша негізделініп жасалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес вариативті компонент енгізілген.
2022-2023 оқу жылына қойылған мақсаты:
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын үздіксіз білім беру саясатын жүзеге асыру.
Міндеттер:
- Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ету, олардың көру, қозғалу, сезіну үйлесімділігін дамыту.
- Театрландырылған қойылым арқылы балаларды көркем әдебиет шығармаларымен таныстырып, эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Мектепалды даярлық сыныбының оқу-тәрбие жұмысы нормативтік құжаттар мен мемлекеттік стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие жоспары, әдістемелік құжаттар бекітілген. Мектептің мактепалды сыныбының барлық құжаттары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жылдық жоспар, балалармен жұмыстар жыл сайын жоспарланады. Барлық әдістемелік жұмыстар педагогикалық кеңесте қаралады.
Оқу және әдістемелік басқарудың басты құралы педагогикалық кеңес болып табылады.
2022-2023 оқу жылында 1 директор алдындағы кеңес жоспарланған:
№1 Директор алдындағы кеңес: «Мектепке дейінгі ұйымның жаңа оқу жылына дайындығы; тәрбие – оқыту процесінің бағытын ұйымдастыру»
Әр педкеңесте күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша жұмыстың талдаулары оқылады және жұмысты жақсарту үшін міндеттер анықталды, өткен педкеңес шешімдерін орындау туралы ақпарат тыңдалды. «Балдәурен» шағын орталығының әдістемелік қызметі педагогикалық ұжым мүшелеріне бағдарламаларды іске асыруға, жоспарлауға және әзірлеуге, педагогтың шығармашылық әлеуетін дамытуына ынталандыра отырып, инновацияларды сынақтан өткізуге қатысу мүмкіндігін береді. Бұл мектепішілік басқару жүйесінің бөлігі ретінде оқу үрдісінің үнемі өзіндік дамып жетілдіру үшін тәрбиелеу –білім процесінің жұмысын түзеп отырады.
Педагогтардың кәсіби шеберліктерін шындауға бағытталған іс-шаралар өткізілуде, оның ішінде кеңестер, дөңгелек үстел, ашық көрсетілімдер, байқаулар бар. Шығармашылықпен жұмыс жасауына, тәжірибелік қызметке даярлауға әдістемелік көмектер ұйымдастыруда.
Тәрбиелеу – оқупроцесін ұйымдастыруда педагогтерге ойын арқылы оқыту, физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік,
шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-
эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған ісәрекеттерді кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту, қағидаларын ұстану ұсынылады.
Үшбас негізгі мектебінің мектепалды сыныбы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына 2 және 3 қосымшасы), «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысы және «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы басшылыққа алынды.
Тәрбиелеу-білім берудің мазмұны физикалық дамыту, коммуникативтік дағдыларды дамыту, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту, әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы негізделген және оларды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған ісәрекеттер жолымен іске асырылуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандарты мен
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасының мазмұнында:
1) тәрбиелеу-білім беру процесінің міндеттерін іске асыру;
2) ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны;
3) білім беру іс-әрекетін тиімді кіріктіру;
4) сабақтастық принциптерін, тәрбие мен оқытудың үздіксіздігін
қамтамасыз ету;
5) ұйымдастырылған іс-әрекеттің күтілетін нәтижелері қарастырылатын
болады.
«Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері
«Қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған іс-әрекетімен кіріктірілу жолымен іске асырылуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету мақсатында мектепалды сынып пен мектеп педагогтары арасында іскерлік ынтымақтастық орнату, балаларды мектепке оқытуға дайындау жұмыстары жылдық жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын,сонымен бірге креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруда.
Физикалық дамыту:
Физикалық және Танымдық дағдыларды кіріктіре отырып, физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.
«Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш рет және күн сайын кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың
физикалық белсенділігіне, қимыл белсенділігі, дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті,шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар, ойын әрекеті, дербес белсенді әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылуда.
Жоспарға сәйкес спорттық мереке өткізіліп тұрады. «Сиқырлы доптар патшалығы», «Ұлттық ойындар», «Денсаулығым-керемет!, «Көңілді алақандар» ойын «Күзгі стадион» эстафеталық ойындар, «Спорт сенің серігің!» атты спорттық сауық кештер және денсаулық сақтау және нығайту мақсатында «Денсаулық кілті», «Спортты біз сүйеміз, үлкен болып өсеміз» мерекелік ойын-сауық кештер ұйымдастырылады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту;
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері
мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды
қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын
меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың сөйлеу мәдениеттілігі қалыптасқан, грамматикалық сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, сөздік қоры бай, тілдік құзіреттілікті меңгерген баланы тәрбиелеу.
Сөйлеуді дамытудың негізгі міндеті - сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Тәрбиешілер осы жұмыстарды күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою арқылы, балаларды көбірек
сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе
бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау, ойын әрекетінде жүзеге асырып отыр. Балалар шығармашылықпен шағын әңгіме, ертегілер құрай білуді, өлең, тақпақтарды мәнерлеп айта алуды, ертегілерді сахналай білуді үйренеді. «Орманға саяхат», «Ертегілер елінде» қойылымдар ұйымдастыруда.
Балалардың танымдық, әлеуметтік коммуникативтік білім дағдыларын қалыптастыруға «Ғажайыптар әлемінде» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекетін өткізіледі.
Көркемдік – эстетикалық тәрбие беру: Эстетикалық тәрбие барлық педагогикалықәрекет үрдісінде жүзеге асырылған. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту және қауіпсіздік, жайлылық жағдайды ескере отырып, пәндік дамыту ортасы құрылған. «Тілге құрмет-елге құрмет» тіл мерекесі, «Арайлы алтын күз!», «Тәуелсіздігім теңдігім-егеменді елдігім» ертеңгіліктер мен көңіл көтеру кештері өтіледі.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту:
Танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды проблемаларды шешуде
қолдануға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыру.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту бойынша: Балалардың танымдық тәрбиенің дидактикалық ойындары және дамыту ойындар арқылы қалыптасады және балаларға жаңа материалмен тәжірибе іс-әрекеті арқылы үйретеді.Тәрбиешілер көрнекі құралдарды, дидактикалық, дамыту ойындарын, М.Монтессори технологиясының элементтерін кеңінен қолданады (балалардың білім-дағды деңгейі көрсеткіші бар). «Менің туған өлкем», «Тірі және өлі табиғат»,«Жабайы табиғат әлемі»,«Ғажайып пішіндер» іс-әрекеттері өтіледі.
Балалардың табиғатты қорғау және экологиялық факторлар туралы, адамның табиғи ортаға әсері, қоршаған ортаға және денсаулықты сақтай білуге білімдерін бекіту және нақтылау мақсатында жүргізілген.«Табиғат әлемі» бақылау,тәжірибелік жұмыстар және саяхат, мерекелік сауық кештер жүргізіледі.
Тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қамтамасыз етуге, тәрбиеленушілердің негізгі құзіреттілігін табысты қалыптастыруға, адамгершілік нормаларын меңгерту мақсатында бағдарламалардың барлық бөлімдеріне сәйкес қажетті әдістемелік, демонстарциялық, үлестірмелі материалдармен толықтырылып отырады.
Ата-аналармен жұмыс: Ата-аналар комитеті белсенді жұмыс атқарады, балалардың тамағын, азық-түліктерді дайындауды бақылауға алып, басқа да жұмыстарына қатысып отырады. Ата-аналар жиналысы, сонымен қатар ата-аналардың қатысуымен ертеңгіліктер, спорттық мерекелер, сауықтыру шаралары т.б. іс- шаралар жоспарланған. Ата-аналармен кеңестер, әңгімелер, «Баланың мектепке бейімделуі», «Дұрыс тамақтанудың ережелері», «Психолог кеңес береді» сауалнама, «Сіз баланыздың бос уақытысын қалай ұйымдастырасыз?», «Отбасындағы салауатты өмір салты» тренингтер жүргізіледі.
Спорттық іс – шара «Әкем-шешем және мен» және бірлескен жұмыс «Мектеп ауласын көгалдандыру мен көріктендіру және ағымды жөндеу жұмыстарына тарту», Фотокөрме «Отбасылық мерекелер» байқаулары өткізіледі.
Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады
Тәрбиелеу мен оқытуға психлогиялық-педогогикалық жағдай жасау үшін психологилық қызмет ұйымдастырылған:
Педагог – психолог жұмысы барлық құқықтары және міндеттемелеріне сәйкес орналастырылған.
Мақсаты: Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған психологиялық-педагогикалық жағдайларды қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Жеке тұлғалық, эмоциялық, ақыл-ойын дамыту бойынша диагностикалық түзету жұмыстарын өткізу.
2. Іскерлік ойындар, тренингтер, жеке кеңестер беру арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық деңгейін көтеру.
3. Әкімшілік, педагогикалық кеңестерге қатысу, педагогтарға, ата-аналарға жеке және топтық кеңестер беру арқылы тәрбиелік оқу жүйесіне психологиялық қолдау көрсету.
Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Жүргізу әдісі: әңгімелесу, сауалнама, зерттеу, тексеру, бақылау, кеңес беру, тренинг.
Балалармен жұмысы, психодиагностикалық және ағарту түзету жұмыстарында талдау қорытынды есебі, сараптама жұмысы жүргізілген.
Мақсаты: Балалардың табиғи жағдайда дамуына мүмкіндік жасау, тұлғалық-адамгершілік қасиеттерін арттыру, оны күнделікті өмірде қолдануға психологиялық даярлау. Балалардың әлеуметтік ортада, үлкендермен қарым-қатынаста жеке тұлға ретінде дамыту, қоғам мүшесі ретінде тәрбиелеу.
Психолог өзінің жұмысында кең диагностикалық материалдарды пайдаланған, соның көмегімен, балалардың жас шамасына сәйкес психикасының даму деңгейі анықтаған.
Психолог жаңадан келген балалар туралы мәлімет жинақтап, оларға психологиялық карта толтырып, бейімделуіне көмектесіп әлеуметтік-бейімделу парағын толтырып отырған. Балалармен ең алғашқы жұмыс «танысу» тренингі өткізілген.
Тренингтің психологиялық мақсаты: балаларды бір-бірімен таныстыру, балалардың ойынға, мектеп өміріне қызығушылығын ояту, бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсарту.
Психологиялық қызметте диагностикалық материалдар кеңінен пайдаланылған, соның көмегімен балалардың жас шамасына сәйкес психикасының даму деңгейін анықталған.
Балалармен психологиялық диагностика жүргізілген. Балалардың қабылдауын, зейінін, қиялын, еске сақтау, ойлау қабілеттерін, тілінің дамуын, басқалармен қарым-қатынасын анықтау жұмыстары жүргізілген.
Психологиялық диагностикалық жұмыс ата-аналар мен тәрбиешілердің сұранысы бойынша жүргізілген. Дамыту және жеке жұмыстар, балаларды зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Балаларды дамыту жұмысында эмоционалды ортасы, өздерінің ішкі сезімі және өзге адамдардың сезімдерін сезіне білуді үйретуде.
Дарынды балалармен жұмыс:
- «Бір сөзбен ата»
- «Дәнді дақылдармен ойналатын ойындар»
- «Нүктелерді қосамыз»
«Мына суретте не жетіспей тұр?»
Педагогтармен жұмыс: Тәрбиешілермен жұмыс әр түрлі формада жеке жұмыс және кеңес беру, тренинг жүргізіледі. Оқу жылы барысында психолог тәжірибе жинау, білімді жетілдіру мақсатында көптеген семинарларға, тренингтерге, шебер-сыныптарға қатысады.
Ата-аналармен жұмыс: Ата-аналармен жұмыста балаларды тәрбиелеу жайында сұрақтар қаралған. Бұл жұмыстар көптеген топтарда тұрады. Ең бастысы ата-аналарға балалар психологиясы жайында кеңес беру, ақпараттар, олардың психологиялық, педагогикалық мәселелер туралы хабарлар берілген.
Ата-аналарға кеңес:
- «Ойын көмекшіміз»
- «Баланы тәрбиелеудің түрлі жолдары»
- «Балаға қалай киінуді үйрету керек?»
- «Балаға не үйрете аламыз?»
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының негізгі ортасы ол отбасы болып табылады. Ата-аналарды шағын орталығының өміріне қатыстыру жаңа заман жағдайында үйлесімді шешуді талап етеді. Сондықтан ата-аналармен жұмысты келесі негізгі принциптерді ұстана отырып ұйымдастырылған:
- бала тәрбиесінде тәрбиеші мен ата-ана арасындағы байланыс;
-баланың тәрбиесі мен дамуына байланысты туындаған жалпы және жеке мәселелер бойынша диагностика жасау;
-баланың мектепке даярлығында «отбасы және мектеп» сабақтас-тығында жүргізу.
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілерінің белсенділік орталықтары арқылы әр балаға қалаған ісін таңдауға өз ойларын ашық айтуға, ересектермен өзін еркін сезінуге жалпы ойлау қабілетін дамытуға, жасаған ісіне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берілген.
Сонымен қатар, топтық ата-аналар жиналысында «Сізді балаңыздың дамуы алаңдатса», «Біз бір бірімізді түсінеміз бе?», «Сіз балаңызды орнымен мақтайсыз ба?» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, ата-аналар балаларының жетістіктері туралы толық мағлұмат алып отырған. Психологиялық жұмыстың құжаттары бір жүйеге келтірілген, ұқыпты және талапқа сай жүргізілген.
3) тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сәйкестігі және сақталуы:
Үшбас негізгі мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің көлемі мен сағат саны шығарылып, сыныпта оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілді. Апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар жұмыс оқу жоспарында белгіленеді.
2022-2023 оқу жылында білім беру салалары бойынша инвариантта
Мектепалды сыныбынада «Денсаулық» - аптасына -3 сағат, жылына - 105, «Сөйлеуді дамыту» - аптасына – 6 сағат, жылына – 210, «Сауат ашу негіздері» - аптасына – 3 сағат, жылына - 105 сағат, «Математика негіздер» - аптасына 3 сағат, жылына – 105 сағат, «Қоршаған ортамен таныстыру» - аптасына – 2 сағат, жылына - 70, «Шығармашылық әрекет» аптасына – 2 сағат, жылына – 70сағат, «Тілдік қарым-қатынас, танымдық зерттеу әрекеттері, еңбекке баулу» - 1 сағат, жылына – 35 сағат. Жалпы – 700 сағатты құрады.
Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің саны «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарындағы» апталық оқу жүктемесінің көлеміне сәйкес.
1. Оқу-материалдық активтер:
- Ғимарат туралы мәлімет(ғимарат типі, салынған жылы, жобалық қуаты, ағымдағы және күрделі жөндеу өткізуге қажеттілік және басқалары):
Құрылыс ауданы: 204м2
Жалпы алаңы: 169 м2
Ғимараттың ауқымы: 653м2
Жылу жүйесінің түрі: қатты отын
Сумен қамтамасыз ету – жеке шахталған құдық. тасымал
Жыл сайын ағымдағы жөндеудеу жұмыстары жылда жүргізіліп тұрады.
2022-2023 оқу жылы
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-
ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтарды пайдалану.
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.
Пәндік-дамытушы ортада заттық обьектілермен жеке жұмыс, өзара іс-әрекетпен тәжірибе бөлісу қарастырылған. Балалар ойын жиһаздарымен қамтамасыз етілген: Қазіргі заман талабына сай «Сұлулық салоны», «Құрылысшы», «Мейрамхана» орталықтары заманауи ойыншықтармен жабдықталған.
Шығармашылық орталығында керекті құралдар, боямақ, бастыру трафареттері, пішіндер, кестелер, музыкалық аспап ойыншықтары бар.
«Монтессори» технологиясының элементтерін қолдану фетрден тігілген құралдар, балалардың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында түймелеу, орналастыру, сылдырмақтар, жалаушалар, доптар, атрибутар, даму ойындары және т.б. құралдар, дидактикалық және үлестірмелі материалдары жасалған.
Дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған пазлдар,мозайкалар,
Сюжеттік рольдік ойындар, еңбек орталығына арналған құралдар мен
ойыншықтар, театрландырылған ойынға арналған жинақтар, қуыршақтар,
түрлі машиналар, танымдық қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи
материалдар.
Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған,
тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына
сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды
көрсету және оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау,
балаларға қызықты кітаптарды таңдау мақсатында, балаларға арналған
кітаптардан, сондай-ақ балаларға арналған аудио шығармалардан кітап
бұрышы ұйымдастырылды.
Импровизациялауға, эксперименттік тәжірибе жасауға арналған
материалдар: арқан, қорап, сым, қақпақтар,бір реттік қолдануға арналған
пласмасс ыдыстар,түтікшелер,түрлі түсті татар,моншақтар, ленталар жинақталған. Олар ойын барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын жүзеге асыруда, шығармашылық шешім қабылдауында қолданылады.
6. Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор:
1) Оқу-әдістемелік кешендердің болуы туралы мәліметтер:
2022-2023 оқу жылында Мектепалды даярлық сыныптарға арналған әдістемелік көмекші құрал-4, сауат ашу негіздері -3дана №1,2 , жаратылыстану-3дана, көркем әдебиет- 3 дана , қарапайым математика негіздері-3 дана №1,2 ,сөйлеуді дамыту -3 дана, сурет салу-3 №1,2, мүсіндеу -3 дана №1,2, жапсыру -3 дана,құрастыру-3 дана ,өзін –өзі тану-3дана, логика-3 дана. Жұмыс дәптерлері
2022-2023 оқу жылында ұйымдастырылған іс-әрекет дағылары ойын түрінде жүргізіледі. Ресурс ретінде әдістемеліктерді пайдаланады.
7. Тәрбиеленушілердің білімдерін бағалау:
1) баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің оқыту нәтижелерінің болуы:
2022-2023 оқу жылының басында жалпы бала саны: 3 тәрбиеленуші болған. 5 жаста - 3 тәрбиеленуші. 04.10.2023 жылы бұйрық нөмері №15 Асылхан Әләзиз Досымханұлы басқа мектепке ауысып кетті, нәтижесіне 2 тәрбиеленуші болды.
2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 3-қосымша
№ | Топ атауы | Мерзімі | Физикалық қасиеттері | «Қатынас» | Танымдық және зияткерлік дағдылары | Шығармашылық дағдыларының, зерттеуіс- әрекетінің дамуы | Әлеуметтік- эмоционалды дағдыларды қалыптастыр у | Дағдыларды меңгеру деңгейі | |||||||||||
І | ІІ | ІІІ | І | ІІ | ІІІ | І | ІІ | ІІІ | І | ІІ | ІІІ | І | ІІ | ІІІ | |||||
1 | Бастапқы | 07. 09 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
3 деңгей- 33,3 % | |
2 | Аралық | 11. 01 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 |
3 деңгей 50 % | |
3 | Қорытынды | 20.05 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 1 деңгей -0% 2-деңгей- 50% 3-деңгей -50% |
2) тәрбиеленушілердің даму мониторингінің (бастапқы) нәтижелерінің болуы және талдауы:
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалған. Осыған байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (ҚР БҒМ 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығы) (бұдан әрі - Стандарт);
- Үлгілік оқу жоспарларына (ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №412 бұйрығы) (бұдан әрі-Үлгілік бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдарының мазмұнына өзгерістер енгізілді. Мониторинг балалардың түрлі жас кезеңдерінде біліктері мен дағдыларының даму деңгейін және баламен жеке жұмыс жүргізуде педагогтің алдағы іс-әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты-Стандарт пен мектепке дейінгі білім беру талаптарына сәйкес балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бағалау бойынша мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің жағдайын зерделеу, сондай-ақ даму динамикасын көрсету;
- мектепке дейінгі ұйымның ұсынатын қызметінің сапасын арттыруға бағытталған ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
- Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау;
- балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жеке және топтық жоспарлау. Аталған әдістемелік ұсынымдар балалардың Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеруіне мониторинг жүргізуде педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді. Әдістемелік ұсынымдар келесі бөлімдерден тұрады: «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдері», «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін есептеу әдістемесі».
Күтілетін нәтиже:
- МДҰ-да педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- баланың даму динамикасын бақылауда бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді
Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптары;
-Үлгілік оқу бағдарламасының жеке даму картасы толтыру тәртіптерін білуі;
-бақылау парағы мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін білуі;
-мектепке дейінгі педагогика мен психология негіздерін;
-балаланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін өлшеу әдістері: бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, тиімді әрекет түрлерін;
-мектепке дейінгі жастағы балаланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін есептеу әдістерін;
-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру қажет.
Мониторингтің субьектісі мектеп жасына дейінгі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар. Мониторингтің обектісі балалардың жасы мен «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», « Әлеумет» білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерге сәйкес олардың физикалық, зияткерлік және жеке қасиеттері.
Стандарт талаптары бала дамуының 3 деңгейі болуын қарастырады және бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жасына сәйкес іске асырылады:
- 1-деңгей –бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады.
- 2-деңгей –бала не істеп жатқанын түсінеді,белгілі білім қорына ие;
- 3-деңгей – бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше шығармашылықпен қолданылады.
Мониторинг нәтижелерін алу әдістері:
-балаларды бақылау;
-әңгімелесу;
-бала әрекетінің өнімдерін талдау;
-жағдаяттар.
Жетекші әдіс-бақылау, ол балаға табиғи жағдаятта, күнделікті өмірге жүргізіледі. Диагностиканы жүргізу кезеңдері: жылына 3 рет- оқу жылының басына,ортасына және соңында:
-бастапқы-қыркүйек;
-аралық-қаңтар;
-қорытынды-мамыр.
Балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бастапқы бақылау
Балаларының біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша бастапқы мониторингі мектепалды даярлық тобының тәрбиеленуші балаларға жасалды.Мониторинг жүргізу ерте жас тобынан басталады. Бастапқы бақылау индикаторлары Бақылау парақтарында берілген (1 қосымша).
Мектепалды сыныбы. 2022-2023 оқу жылы басында
№ | Топ атауы | Бала саны | I деңгей | II деңгей | III деңгей |
1 | Мектепалды сыныбы | 3 | |||
Барлығы: | 3 | 0 | 2 | 1 | |
Төмен деңгейдегі балалардың үлесі 33,3% | Орташа деңгейдегі балалардың үлесі 66,6 % | Жоғары деңгейдегі балалардың үлесі 33,3 % | |||
Мектепалды сыныбы. 2022-2023 оқу жылы аяғы
№ | Топ атауы | Бала саны | I деңгей | II деңгей | III деңгей |
1 | Мектепалды сыныбы | 2 | |||
Барлығы: | 2 | 1 | 1 | ||
Төмен деңгейдегі балалардың үлесі % | Орташа деңгейдегі балалардың үлесі 50 % | Жоғары деңгейдегі балалардың үлесі 50 % | |||
100 % |
Қорытынды: Балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалау мониторингі Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда педагог жұмысының сапасын жетілдіруге ықпал етеді. Мектепке жастағы дейінгі баланың даму мониторингі оның әртүрлі кезеңдегі даму динамикасын тіркеуге, жеке дамуына сауатты педагогикалық қолдау көрсетуге және онымен әрі қарай жұмысты түзетуге ықпал етеді. Талаптарға сәйкес мониторинг:
-баланың жетістігін шынайы қадағалауға;
-мектеп жасына дейінгібаланы тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілді қамтамасыз етуге;
-педагогтардың түзету шараларын шұғыл жоспарлау негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процесін жетілдіруге;
-баланың әрбір білім беру салалары және Үлгілік бағдарлама мазмұнын тұтас меңгеру деңгейін анықтауға ықпал етеді.
- Үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингтеу нәтижелерінің болуы және талдауы (қорытынды):
2022-2023 оқу жылы
Мектепалды даярлық сыныбында мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Куанышева Алия Абиловна әр диогностика нәтижесін бақылау парағында әр білім беру саласы бойынша толтырған. Бақылау картасы алынған мәліметтер негізінде баланың жеке даму картасы жасалған. Баланың жеке даму картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімін диагностиканың қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагог толтырған. Баланың жеке даму картасының қорытынды бөлімінде диагностиканың әр кезеңінен кейін баламен жеке түзету жұмысын жүргізу үшін педагогикалық процестің міндеттері мен мазмұнын айқындаған.
Мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеленетін балалардың жас ерекшелігі 5 жас. Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілді. Мектепалды даярлық сыныбында 1 тәрбиеленуші бар.
2022 – 2023 оқу жылы аяғы
Мектепалды даярлық сыныбы | Бала саны | «Денсаулық» білім беру саласы | «Қатынас» білім беру саласы | «Таным» білім беру | «Шығармашы лық» білім беру саласы | «Әлеумет» білім беру саласы | Үлгілік оқу бағдарламас ын игерудің жалпы % | ||||||||||
І | ІІ | ІІІ | І | ІІ | ІІІ | І | ІІ | ІІІ | І | ІІ | ІІІ | І | ІІ | ІІІ | |||
2 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 100% | |
Барлығы | 2 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 100% |
Төмен деңгейдегі балалардың үлесі % | Орташа деңгейдегі балалардың үлесі 50% | Жоғары деңгейдегі балалардың үлесі 50% |
2022-2023 оқу жылы
Мектепалды сыныбында тәрбиеші әр диогностика нәтижесін бақылау парағында әр білім беру саласы бойынша толтырған. Бақылау картасы алынған мәліметтер негізінде баланың жеке даму картасы жасалған.
Мектепалды сыныбында тәрбиеленетін балалардың жас ерекшелігі 5 жас. Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілді. Мектепалды сыныбында 1 тәрбиеленуші бар .
Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары:
Мектепалды сыныбының педагогикалық ұжымының алдағы жұмысты нәтижелі болуға бағытталған ұсыныстар:
1.Мектепалды даярлық сыныбының материалдық - техникалық базасын жақсарту жұмыстарын жалғастыру.
2. Тәрбиешілердің оқыту жүйесінде жаңа технологияны жеткілікті мөлшерде пайдалану.
3.Жазғы сауықтыру шаралары бойынша жаңа инновациялық іс- шаралар ұйымдастыру.
Қорытындылар мен ұсыныстар:
Үшбас негізгі мектебінде мектепалды даярлық сыныбының оқу – тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті – басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.
1.Мектепалды даярлық сыныбы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін қолайлы жағдай, оқу -тәрбие процесін ұйымдастыру МЖМБС -ға сәйкес келеді.
- Мектепалды сыныбы педагогикалық кадрмен толық қамтамасыз етілген, өткен және ағымдағы оқу жылдарына арналған штаттық кестеге сәйкес, бос орындар жоқ. Педагог кадрларды қайта даярлау жоспары бар, жоспарлы аттестаттаудан өту кестесі жасалған.
- Әртүрлі іс әрекеттегі балалардың танымдық дамуы мен белсенділігін ынталандыратын, баланың үйлесімді дамуына ықпал ететін пәндік кеңістік дамытушы орта ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес келеді.
- Мектепке дейінгі мекеменің қажетті оқу педагогикалық әлеуеті бар, білім беру саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес оқу тәрбие процесін жүзеге асыру үшін жеткілікті оқу материалдық базасы бар, оқу тәрбие процесін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалған.
5.Педагогикалық ұжым балаларға тәрбие мен білім берудің сапасын көтеру мен жетілдіруге байланысты мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізеді.
- Тәрбиеленушілердің мемлекеттік білім беру стандартын игеру деңгейі бағдарламалардың барлық тараулары бойынша іске асырылуда.
- Мектепалды даярлық сыныбының оқу – тәрбие жұмыстарын атқаруға қажетті оқу әдістемелік материалдық базасы жеткілікті жабдықталған.
- Білім беру мен тәрбиенің мақсаты өз деңгейінде жүргізіледі.
Ата – аналардың мектепалды сыныбында педагогтардың беделіне және оқыту тәжірибесіне ата – аналардың қызығушылығы мен көзқарасы артты. Мектепалды сыныбының педагогтары ата – аналармен үнемі байланыс орнатып отырады. Мектепалды сыныбының басқару мен балалардың қорытынды нәтижелеріне ата – аналардың көңілі толады. Мектепалды сыныбының материалдық - техникалық базасы нығайып, оқушылардың өсу деңгейі байқалады.